Батыс Қазақстан облысында карантин талаптары жеңілдетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында карантин талаптары жеңілдетілді

28.04.2020

Әлеуметтік желіде Қарағанды маңындағы санитарлық бекеттің бетон бөгеттерін жинау сәті түсірілген бейнежазба тарады. Онымен бірге тараған аудиожазбада автор өзінің жол саласында жұмыс істейтінін, оларға барлық бетон бөгеттерді алып тастауға тапсырма берілгенін айтады. Сондай-ақ, «өңірде карантин алынды, енді жеке көлікпен еркін жүруге болады» деген жалған ақпаратпен бөліскен. Шын мәнінде, өңір әлі карантинге жабық. Тек оның талаптарының жеңілдеуіне байланысты, ішкі 8 санитарлық бекет қана алынған. Ал облыс шеңберіндегі карантиндік блок бекеттер толығымен жұмыс істеп тұр.   

Батыс Қазақстанда да карантин талаптары жеңілдеді. Қоғамдық көліктердің қозғалысы да қайта жанданды. Әзірге автобустар кешкі 8-ге дейін жүреді. Сондай ақ, саяжайларға аптасына 3 күн бойы қатынауға болады. Әрі саяжайға барушылардың жасына қойылған шектеу алынып тасталды. Айта кету керек, еліміздің басқа да өңірлерінде карантин режимі жеңілдетіліп, бірқатар ұйымдарға және кәсіпкерлік нысандарға жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Рауан ДИӘЛИ


Хабарламаларға жазылу