Электрондық-цифрлық қолтаңбаны қашықтан алу кезінде енді паспортты пайдалануға болады. Ол үшін алдымен электрондық үкіметтің порталындағы «Сервистер» бөлімінде орналасқан «Электрондық Цифрлық Қолтаңбаны қашықтан алу» қызметін таңдау қажет. Әрі қарай, кілтті алудың стандартты қадамдарын жасайсыз. Арнайы сілтемедегі тиісті нұсқаулық көрсетілген. Мамандардың сөзінше, паспортты жеке басын куәландыратын құжаттың баламасы ретінде пайдалану, электрондық қолтаңбаны онлайн алуда сәйкестендіруден өту процесін жеңілдетеді. Яғни, төлқұжаттағы фотосурет деректер базасымен салыстырылып, лезде айқындамақ. Басты шарт, ҚР азаматы болуыңыз және қолыңызда паспортыңыз болуы шарт. Айта өтейік, Төтенше Жағдай кезінде осындай әдіспен 274 мың ЭЦҚ берілген.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ