Дұрыс тамақтану соңғы уақытта бизнеске айналып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дұрыс тамақтану соңғы уақытта бизнеске айналып кетті

28.04.2020

Күніне 5-6 рет тамақтанудың асқазанға пайдасы шамалы! Гастроэнтеролог мамандар осылай деп отыр. Олар пайдалы тағам жеткізуді кәсіп еткен компанияларды сынға алды. Елдегі төтенше режимге орай, тамаққа тапсырыс берушілер саны еселеп артқаны белгілі. «Дұрыс тамақтану» ұғымын ұтымды пайдалануға көшкендердің өнімі шын мәнінде пайдалы ма?

Қазақстанда дұрыс тамақтану индустриясын қалыптастырып, бәсекелестік нарықтың негізін қалап үлгерген 50-ден астам компания бар. Олардың жылдық орташа қаржы айналымы 1 миллиард теңгеден асады. Мұндай өнімдерге әсіресе 25-35 жас аралығындағы буын жиі тапсырыс береді.

Бұдан кейін тұтынушыны 5-6 реттік тамақтану қағидасының дұрыстығына сендіретін, сіздің ағзаңыз бен қалтаңыз үшін тиімді көрінетін ақылы пайдалы тағамның ақылмен сатып алынып жатқанына күмән туып отыр. Бұл бизнестің дамуына дем беріп отырған – денсаулық па, жалқаулық па?

Назерке БҰРХАН


Хабарламаларға жазылу