Карантин кесірінен шекараның екі жағында қалып қойған ана өз балаларымен қауышты. Шымкент тұрғыны Айнұр Базарова көктемгі каникулдың алдында үш қызын Ташкендегі төркініне апарып тастаған. Нағашыларының қолында екі апта демалып қайтсын деген жоспарды коронавирус құртты. 16-шы наурызда шекара жабылып, әйел балаларына жете алмай қалды. Екі айға жуық қыздарын көрмеген шарасыз ана ұлттық арнадан көмек сұраған еді. Біздің тілшілеріміз Өзбекстандағы консулдарымызға қолқа салып, осындай қайырымды іске ұйытқы болды.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ