«Қаражорға» билеп, танымал болған Қытайдағы қазақ дәрігері Бахаргүл Толқын үйіне оралды. Қандасымыз сол өлкедегі Шыңжаңның тумасы. Хируг-дәрігер екі ай бойы, ең қауіпті ошақ Уханьда болып, науқастарды емдеуге көмектесті. Білікті маман қатерлі дертпен күресе жүріп әдемі биімен емделушілердің көңілін көтерген еді. Туыстарымен қауышып, мәре-сәре болған ол алғаш рет ұлттық арнаға сұхбат берді.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ