Қостанайда үй карантиніндегі адамдардың жүріс-тұрысы смартфон арқылы бақыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда үй карантиніндегі адамдардың жүріс-тұрысы смартфон арқылы бақыланады

29.04.2020
Қостанайда үй карантиніндегі адамдардың жүріс-тұрысы смартфон арқылы бақыланады

Үй карантинінде отыруға тиісті азаматтарды енді «Смарт Қостанай» мобильді қосымшасы арқылы қадағалайды. Оның көмегімен мамандар карантин кезінде адамның қайда жүргенін ғана емес, оның жеке мәліметтерін де көреді. Ал карантин режимін сақтауға міндетті адам бұл қосымшаны орнатудан бас тарта алмайды. 

Осы мақсатта үй карантиніндегі азаматтарға қашықтан бақылау жасайтын арнайы мониторинг орталығы құрылды. Ол Қостанай медициналық колледжінің базасында ашылған. Бұл жерде мамандар карантиндегі адамның қайда және сағат нешеде барғанын қадағалайды. Ақпарат әр 20 минут сайын жаңартылады.

Дереккөз: Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы

Хабарламаларға жазылу