ТЖ кезінде тұрғындарға мерзімі өткен құжаттармен жүргені үшін айыппұл салынбайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТЖ кезінде тұрғындарға мерзімі өткен құжаттармен жүргені үшін айыппұл салынбайды

29.04.2020
ТЖ кезінде тұрғындарға мерзімі өткен құжаттармен жүргені үшін айыппұл салынбайды

Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралды.

Жиында депутат Шавкат Өтемісов төтенше жағдай кезінде мерзімі өтіп кеткен құжаттарын ауыстыра алмай жүрген қазақстандықтардың мәселесін көтерді.

«Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда республикада 99,5 мың қазақстандықтың жеке куәлігі жарамсыз болып қалған, 68 мың жүргізушінің жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен. Ал жарамсыз жеке куәлікпен жүргені үшін 7 АЕК, ал көлікті құжатсыз басқарғаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылғаны белгілі», - деді депутат.

Осы орайда Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин бұл мәселеге қатысты министрдің арнайы бұйрық шығарғанын айтты.

«Министрдің бұйрығымен көлікті басқаруға рұқсат беретін құжат мерзімі өтіп кеткен азаматтар жауапқа тартылмайды. Соның ішінде қаруды сақтау туралы лицензияның да мерзімі ұзартылды», - деді вице-министр.

Айтуынша, наурыз-сәуір айларында 100 мыңға жуық азаматтың құжаты жарамсыз болып қалған. 

Хабарламаларға жазылу