Мамырдың соңына дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 5 мыңнан асуы мүмкін
Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты.
Осы орайда ол бұдан бұрын жасалған болжамға түзетулер енгізілгенін атап өтті.
«Жалпы, Қазақстан бойынша сәуір айының соңына дейін 3400 жағдай тіркеледі деп болжап отырмыз. Ал мамыр айының соңына дейін коронавирус жұқтырғандар саны 5300-ге жетуі мүмкін», - деді Айжан Есмағамбетова.