Төтенше жағдай кезіндегі Президенттің өкілеттігі кеңейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдай кезіндегі Президенттің өкілеттігі кеңейтілді

29.04.2020

Төтенше жағдай кезінде ел Президентінің өкілеттігі кеңейеді. Бұл экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шұғыл шешімдер қабылдау үшін қажет. Бүгін Мәжіліс депутаттары төтенше жағдай туралы Заңға өзгерістер енгізу жайын да талқылады.  

Түзету енгізілетін 14 сала бойынша тығырықтан шығу жолында табан асты тапсырма беріліп, тыңғылықты орындалуы керек.

Сондықтан төтенше жағдай кезінде мемлекет басшысының өкілеттігін кеңейтуді мәжілісмендер бірауыздан мақұлдады. Нәтижесінде Президент актісі негізінде аталған салаларға ерекше екпін беріледі. Соның біріне тоқталсақ, карантин кезінде 100 мыңнан аса азаматтың жеке куәлігі мен 68 мыңдай адамның көлік жүргізу куәлігінің мерзімі өткен. Құжаттарын жаңартайын десе тиісті мекемелер жабық. Бірақ жарамсыз куәлік пен құжатсыз көлік басқарғаны үшін айыппұл салу тоқтамаған. Депутаттар заң жобасында осы олқылықтар ескерілсе дейді.

Жалпы төтенше жағдай режимі енгізілген 50 күндей уақытта тәртіпті бұзған мың жарым адам уақытша тергеу изоляторына жабылды. Тағы 5 мыңнан аса адамға заң талаптарын орындамағаны үшін айыппұл салынды.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу