Маңғыстаудағы Сенек ауылы карантинге жабылды. Бір күнде осы ауылдың 11 тұрғынынан инфекция табылды. Арасында екі жастағы бала бар. Сыртқаттардың бәрі, бұған дейін вирус анықталған ағайынды екі жігітпен байланыста болған. Олар ауылға келіп, ас берген. Көпшілік, вирус сол кезде тарады есептейді. Ал ағайындылардың ауруды қайдан жұқтырғаны әлі белгісіз. Қарақия ауданына қарасты Сенек елді мекенінде үш мың тұрғын бар. Қазір ауыл іші толық дезинфекцияланып, сыртқа қатынас тоқтады. Ал, өңірде барлығы 45 адамнан коронавирус анықталды. Қауіпті індетті жұқтырғандардың 8-і жазылып шықты. Бір науқас көз жұмды.
Аягөз ОРАЛБАЙ