Биыл бизнесті тексеру 30 пайызға азаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл бизнесті тексеру 30 пайызға азаяды

03.08.2018

2020 жылға дейін бизнесті тексеру 40 пайызға дейін кемиді. Бүгін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастырған семинар кезінде осы ақпарат жария болды. «Ең алдымен кәсіпкерлердің кең тыныстап, кедергісіз дамуына жол ашу маңызды», -  деді жиналғандар. Бұл орайда, осы жылдың мамыр айында кәсіпкерлік туралы заңға енген өзгерістердің салық төлеушілерге қалай әсер ететіні талқыланды. Ішінара салықтық тексерулер енді айрықша тәртіппен белгіленетін тексерулерге алмастырылады. Жаңашылдыққа сай, бұдан былай тексеріс кестесіне сай ғана жүргізіледі. 

Біржан Бектібаев, Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

- ҚР заңнамасына сәйкес, ағымдағы жылда бизнесті тексеру 30 пайызға кемиді. 2019 жылы  тағы да 10 пайызға қысқарту жоспарланған.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу