Бельгияда вириус жұқтырғандар жаппай ауруханаға жатқызылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда вириус жұқтырғандар жаппай ауруханаға жатқызылмайды

29.04.2020

Бельгияда коронавирус жұқтырғандардың барлығы бірдей ауруханаға жатқызылмайды. Медицина мекемелері тек ауыр жағдайдағы науқастарды қабылдайды. Созылмалы аурулармен ауырмайтын 60 жасқа дейінгілердің індет жұқтырғаны тестпен анықталып жатса, үйлерінде оқшаулануы тиіс. Тыныс алу қиындап ентікпесе жедел-жәрдем қызметіне хабарласып, мазалауға болмайды. Мұнда жедел-жәрдем шақыру ақылы, 100 еуро, бізше 47 мың теңге. Бельгияда 20 жылдан бері тұратын украиналық Роман Воробьев та коронавирустан үйінде отырып, емделіпті.  

Нұрсұлу ҚАСЫМ


Хабарламаларға жазылу