Бұдан былай көпшілік қазақ би өнерінің қыр-сырын әлеуметтік желіде үйренеді. «Наз» мемлекеттік би театры карантинге қарамай, бекзат өнерді кеңінен насихаттауға көшті. Қазақ ұлттық хореография академиясының ұстаздары да, оқу үрдісін үзбей, биден онлайн сабақ және тақырыптық дәрістер өткізуде.
Гауһар ТӨЛЕКБАЙ