Чехияны соңғы 500 жылда болмаған құрғақшылық жайлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чехияны соңғы 500 жылда болмаған құрғақшылық жайлады

30.04.2020
Чехияны соңғы 500 жылда болмаған құрғақшылық жайлады

Чехиядағы құрғақшылыққа байланысты елдегі климаттық жағдай апаттық деңгейге жетті. Бұл туралы мемлекеттің Қоршаған ортаны қорғау министрі Рихард Браберц мәлімдеді. Оның айтуынша, 2015 жылдан бері жалғасып келе жатқан құрғақшылық соңғы 500 жылдағы ең ауқымды табиғи апаттардың бірі.

Чехия аграрлық палатасының 2019 жылы көрсеткен нәтижиелеріне сүйенсек, ел аумағының 99,5%-ы құрғақшылыққа тап болған. Ал экономикалық шығын 300-400 млн АҚШ долларына тең. Мамандардың айтуынша, биыл өзен-көлдердегі су мөлшері де өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда төмен көрінеді.


EADaily


Хабарламаларға жазылу