Ақтөбеде бір тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде бір тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды

30.04.2020

Ақтөбеде де, жағдай мәз емес. Шаһарда соңғы бір тәулікте экспресс тестілеу нәтижесінде COVID-19 вирусы 61 адамнан анықталды. Бұл алғашқы жағдай тіркелгеннен бергі антирекорд. Осылайша, өңірдегі науқастар саны 126-ға жетті. Соңғы індет жұқтырғандардың түгелі дерлік- алдыңғы шепте жүрген қызметкерлер. Яғни, блок бекеттерде, маңызды нысандарда жұмыс істеген тәртіп сақшылары мен әскерилер. Өңірге 24 мың экспресс тест сатып әкелінген болатын. Қазірге дейін 5 мыңнан аса адам тексеріліп үлгерді.

Дегенмен, облыс орталығында ертеңнен бастап карантин режимі жеңілдейді. Шектеуді алып тастау 3 кезең бойынша жүзеге асуы тиіс. Ең алдымен өндірістік кәсіпорындар, құрылыс, көлік компаниялары, банктер мен қаржы ұйымдары, халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады. Жұмыс орындарында дезинфекция жүргізу міндеттеледі.

Жақсыбек КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу