Алайда ұшаққа отыру үшін жасалатын ПТР тест коронавирустан сақтануға кепіл бола алмайды. Әлеуметтік желі қолданушысы еліміздің бас дәрігеріне осындай жазба қалдырған. Оның пікірінше тесттің қорытындысы оң шықса да 7 күн жарамдылық мерзім ішінде вирус жұқтырмайтыныңа ешкім кепіл бола алмайды. Халықты бұл сұрақтан басқа сараптама бағасының қымбаттығы да толғандырады. Яғни ПТР тест мемлекеттік емханаларда 11 500, ал жекеменшік клиникаларда 20 мың теңге шамасында. Оны тапсыру үшін неліктен ақшаны қалтамыздан төлейміз. Соманы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан алу туралы сауал көп. Көпшіліктің ойындағы түйткілдерге сала министрі Елжан Біртанов жауап берді.
Нысаналы ЫҒЫЛ