Күрделі кезеңде еліміздегі ірі кәсіпорындар да қызметкерлерін қысқартуға мәжбүр. Мәселен, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы орталық аппаратта еңбек ететіндер санын 34 пайызға дейін азайтты. Сондай ақ түрлі департаменттердің қатары үш есеге дейін кеміді. Бөлімшелер де біріктірілген. Тіпті, Басқарушы директор лауазымы түбегейлі жойылып, нәтижесінде 22 директордың лауазымы тоқтады. Тұтастай алғанда орталық аппараттағы қызметкерлердің саны 729 адамнан 480-ге дейін азайған.
Ербол МӘНДІБЕК