Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел тұрғындарын бірінші мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады. «Биылғы мереке ерекше жағдайға тұспа-тұс келіп отыр. Бүкіл әлемді жайлаған індет біздің елімізді де әбігерге салды. Дегенмен бұл сынақтан сүрінбей өтіп, күш-қуатымызды одан әрі арттыра түсетінімізге сенімдімін»,-деді Елбасы. Ол үшін әрине достық, бірлік, келісім және өзара қолдау қағидаттарын берік ұстанған абзал. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев барша халыққа мықты денсаулық пен бақ-береке, елімізге татулық пен толағай табыс тіледі.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ