ҚР Парламенті Cенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлымен сұхбат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Парламенті Cенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлымен сұхбат

03.05.2020

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің сағат 18,30 дағы мәліметі бойынша елімізде Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны 3913 –ке жетті. Бүгін Қарағанды облысында бір кісі, Шымкент қаласында тағы бір кісі қайтыс болды, сонымен көз жұмғандар саны 27. Ал жазылғандар мыңнан асты - 1056.

Апта басында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев төтенше жағдайдың ұзартылатыны, дегенмен карантин талаптары жеңілдетілетіні жайлы мәлімдеме жасағаны белгілі. Онда күн тәртібіндегі мәселелер тәптіштеп түсіндірілді. Біздің айтпағымыз біріншіден, вирус таралуының шарықтау шегіне жеткен жоқпыз. Демек сақтық шаралары қатаң сақталуы керек. Екіншіден, 11 мамырдан кейін вирус ешқайда жоғалып кетпейді.

Вакцина жоғын, оның пайда болу мүмкіндігі 1, 1,5 жылдан кейін екенін ескерсек, тағы сол әңгіме - сақтық шаралары қатаң сақталуы керек. Медицинаға қатысы бар білікті маманның бәрі, бүкіл дәрігер түгел осыны айтады.

 Ал төтенше жағдайдан кейінгі әрекеттер туралы пікірлер керек және маңызды.

Саламат ОМАШ


Хабарламаларға жазылу