Алматы әкімі жаңбыр суы шайып кеткен жолды қалпына келтіруді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әкімі жаңбыр суы шайып кеткен жолды қалпына келтіруді тапсырды

04.05.2020

Алматыда Медеу ауданындағы Алмалы көшесінің жолын жаңбыр суы шайып кеткені бұған дейін хабарланды.

Осыған орай қала әкімі жауапты мекемелерге жолды қалпына келтіруді тапсырды.

Қазір арнайы жұмыс тобы құрылып, шығын көлемін есептеуге кірісті. Сметалық құжаттар дайын болғаннан кейін жолды жөндеу жұмыстары басталады. 

Айта кетейік, тоқтаусыз жауған жауын салдарынан асфальтта ұзындығы 12-16 метр және ені шамамен 5 см жарық пайда болған. Қауіпті аумақтың ұзындығы 100 метрге жуықтайды. Полицейлер жолды бірден қоршауға алып, бекет орнатты. «Себебі тасжол бойында тағы да топырақ опырылуы мүмкін», - дейді мамандар.

Нұрхан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу