Елімізде вирус жұқтырғандар саны 4 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде вирус жұқтырғандар саны 4 мыңнан асты

04.05.2020

Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Соңғы екі аптада ауруға шалдығудың өсімі 7 пайыздан асқан жоқ. Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова бүгін осындай мәлімет келтіріп, оқшаулану талаптарын қатаң ұстанған әрбір қазақстандыққа алғысын білдірді. Айтуынша, карантин шаралары вирустың дендеуінен сақтап, медициналық жүйеге түскен салмақты жеңілдетуге сеп болған. Енді шектеу босаңсып, адамдар қалыпты өмірге орала бастауы қажет. Алайда бұл жұмыстар біртіндеп, жалпы ахуалға ыңғайланып орындалтынын ескертті. Сондай-ақ, азаматтар ғимараттарда және далада бетпердені шешпеу керектігін айтты.   

 Сондай-ақ Айжан Есмағамбетова биылдан бастап елімізде вирусолог мамандар дайындалатынын айтты. Жоғары оқу орындарында эпидемиология мамандығы бойынша профильді магистратура енгізіліп, осы мамандық бойынша қабылдау кеңейеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, соңғы ақпаратқа сай елімізде 4028 адамнан коронавирус індеті анықталған. 1134 адам вирустан айықса, өкінішке қарай, 27 адам қайтыс болды.

Ләйлә ДУЛАТ


Хабарламаларға жазылу