«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы кейбір шығындарын қысқартуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы кейбір шығындарын қысқартуда

04.05.2020

Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы дағдарысқа қарсы бағдарлама әзірледі. Бірінші кезекте биылғы бюджетін қайта қарап, шығындарын азайтты.  

Әлемде қара алтын бағасының күрт құлдырауы «ҚазМұнайГазға» да оңай соқпады. Мәселен, биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы табыс өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 21%-ға аз. Сол себепті компания өндіріске қажеті жоқ шығындарды қысқартты.

Амангелді СЕЙІТХАН


Хабарламаларға жазылу