Елде қауіпті инфекцияның таралуына қатысты жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-Министр айтты.
Асқар Маминнің сөзінше, осы үрдіс сақталса, республикадағы карантиндік шараларды жеңілдетуге мүмкіндік жасалмақ.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәліметінше, өткен тәулікте 129 науқас тіркеліп, өсім деңгейі 3,3 пайызды құрады. Жаңа деректердің 65 пайызы алдын алу скринингтік тексеру кезінде табылған.
Армангүл Тоқтамұрат