Биыл 1 миллион 220 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 1 миллион 220 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылады

05.05.2020

Биыл шамамен 1 миллион 220 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты. Біржан Нұрымбетовтың сөзінше, әр өңір әкімдерімен тиісті жоспарлар пысықталып, жұмыспен қамтудың кешенді Жоспары бекітілді. Ендігі міндет — нақты іске көшу. Осы ретте, Асқар Мамин барлық әкімдер мен орталық органдардың басшыларына бірқатар тапсырма берді.

Төтенше жағдайдан соң, ел-жұрт жұмыссыз қалмайды. Оған Үкімет бекіткен жаңа «Жұмыспен қамту жол картасы» кепіл. Таяуда елде 6 506 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып, 255 мың адам жұмыспен қамтылады.

Жұмыспен қамтудың жүйелі жұмыстары жер-жерде басталып кетті.

Ал, Қызылорда облысы, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс жүрмей тұр. Осыны ескерткен Үкімет басшысы, әкім-қараларға шаруаны шұғыл ширатуды тапсырды.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу