Карантин кезінде ауыр жағдайдағы науқастарға шұғыл ем жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карантин кезінде ауыр жағдайдағы науқастарға шұғыл ем жасалады

05.05.2020

Иә, дерт көп, денсаулық  — біреу. Елімізде коронавирустан тыс бірнеше мыңдаған адам түрлі созылмалы аурумен күресіп жүр. Жоспарлы емдеу шаралары кейінге қалдырылғанмен, бірақ, ауыр жағдайдағы науқастарға шұғыл ем көрсетіліп жатыр.

Жоспарлы қызмет тоқтағанмен, барлық өңірде шұғыл ем жалғасып жатыр. Мысалы, Павлодардағы бір ғана кардиологиялық орталықта карантин басталғалы 45 операция жасалған. Оның тең жарымын «Болашақ» түлегі Мұрат Райханов жасапты.

Індеттің таралуын тоқтатамыз деп, басқа ауруларды асқындырып алуға жол берілмейтінін айтады мамандар. Әйтпесе, вирустан емес, өзге кеселден көз жұматындардың саны күрт артуы мүмкін.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу