Алматы әкімі сыбайлас жамқорлыққа қатысты мәселелер бойынша кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әкімі сыбайлас жамқорлыққа қатысты мәселелер бойынша кеңес өткізді

06.05.2020

Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануды болдырмау, мемлекеттік сатып алу кезінде бағаны көтеру деректерін анықтау. Алматыда өткен онлайн кеңесте қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Нығмеджан Сапаровқа осындай тапсырмалар жүктеді. 

Жиында мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігі, ашық бюджеттің интерактивті картасын іске асыру мәселелері де талқыланды. Қала әкімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар әзірлеуді ұсынды. 

Жазира Оразқызы 


Хабарламаларға жазылу