Белгілі бизнесмен Зейнолла Кәкімжанов карантин режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белгілі бизнесмен Зейнолла Кәкімжанов карантин режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылды

06.05.2020

Алматыда белгілі бизнесмен Зейнолла Кәкімжанов карантин кезінде велошеруге қатысқаны үшін жазаланды. 27 мың теңге айыппұл арқалаған бұрынғы шенеунік, қаржыгер сотта төтенше жағдай талаптарын ескермей 25 сәуір күні велошеруге қатысқанын мойындаған. 

Кәсіпкер карантин шектеулеріне қарамастан, ешқандай рұқсат қағазынсыз Алматы көшелерінде емін-еркін жүріп өткен. 

Полиция қызметкерлері Зейнолла Кәкімжанов пен велошеруге қатысқан тағы 2 азаматты Алатау ауданындағы индустриалдық аймақта ұстаған.

Жазира Оразқызы 

Хабарламаларға жазылу