Мәжіліс «Парламенттік оппозиция» құру туралы заң жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс «Парламенттік оппозиция» құру туралы заң жобасын мақұлдады

06.05.2020

Енді Парламентте де оппозиция болады. Мұндай жаңашылдық бүгін мәжілісте заңмен бекіді. Құжат Мемлекет басшысының Қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмасына сай әзірленген. Өзгерісті заңдық тұрғыда бекіту үшін «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліді.

«Парламенттік көпшілік» және «парламенттік оппозиция». Құжатта ең алдымен осы екі ұғымның ара жігі ажыратылған. Енді кез келген мәселе бойынша көпшіліктің ғана емес қарсы шыққан бірнеше депутаттың пікірі де ескеріледі.

Жалпы «парламенттік оппозицияның» заңмен бекітілуі демократияға жасалған қарышты қадам. Әрі оппозиция деген билікке қарсы шығуды емес, халықтың, елдің мұң-мұқтажын жоқтау дегенді білдіреді.

Осылайша қоғамды алаңдататын мәселелер көшеде емес Парламент қабырғасында талқыланатын болды. Құжат толық мақұлданып, Сенаттың қарауына жолданды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу