Қазақстан карантиннен кейін қалай дамиды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан карантиннен кейін қалай дамиды?

06.05.2020

Қазақстан карантиннен кейін қалай дамиды? Мемлекеттік саясатты қалыптастыру қағидалары неге сүйенбек? Әлемдік экономика және саясат институтының ұйымдастыруымен бүгін халықаралық және қазақстандық сарапшылар өзара пікір алмасты. Онда ел дамуының қазіргі моделін қалыптастыру факторлары, урбанизация және аймақтық даму саласы, көші-қонды тиімді басқару және «өсу полюстерін» дамыту шешімдері ұсынылды. Экономиканың жаңа даму сатысына өту үшін қажетті құрылымдық реформалар жасалуы тиіс. Сарапшылар бастамаларды жүзеге асырудың ұсыныстарымен қатар шешімдерін де әзірлеген. Енді бұл мәселелерді мемлекеттік органдармен бірге талқылауды жоспарлап отыр.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу