11 мамырдан бастап Нұр-Сұлтандағы ақылы автотұрақтар штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл турады «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Еске сала кетейік, елордадағы ақылы автотұрақтар 20 наурыздан 11 мамырға дейінгі аралықта тегін болды.
Тұрақтарда паркоматтарды антисептикалық құралдармен өңдеу үнемі жүргізіледі. Паркомат арқылы тұрақ орнын монеталармен төлеу кезінде медициналық қолғапты пайдалану ұсынылады.
Сондай-ақ «Астана тұрағы» мобильді қосымшасы арқылы төлем төлеуге болады.