Вирус жұқтырған әйел дені сау сәбиді өмірге әкелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вирус жұқтырған әйел дені сау сәбиді өмірге әкелді

11.05.2020

Елімізде бір тәулікте тағы 48 адамнан қауіпті инфекция анықталып, вирус жұқтарғындар саны 5 138-ге жетті. Екі мыңға жуық адам жазылып шыққан. Ал қайтыс болғандар саны – 31. Нұр-Сұлтан қаласында осыдан екі күн бұрын өмірге сәби әкелген науқас аурудан емделді. Дәрігерлердің айтуынша, аяғы ауыр келіншектен босанардан бірер күн бұрын сараптама алынған. Қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен. Бірақ іштегі бала инфекция жұқтыруы мүмкін деген қауіп болды. Дегенмен, әйел дүниеге дені сау ұрпақ әкелді. Қазір ананың да, баланың да жағдайы жақсы. 

Хабарламаларға жазылу