Мақтааралда топан судың деңгейі 1 метрге төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақтааралда топан судың деңгейі 1 метрге төмендеді

11.05.2020

Мақтарал ауданындағы топан суда қалған елді мекендердегі судың деңгейі шамамен 1 метрге төмендеді. Бұл апаттық-құтқару жұмыстарының оң нәтиже бергенінің нақты дәлелі. Коллекторлар, су сорғылар мен өрт сөндіру техникаларының арқасында Жеңіс ауылын жайлаған топан су 94 сантиметрге, Жаңа тұрмыста – 90, Өргебаста – 82, Нұрлы жол ауылында 70 сантиметрге азайған. Сондай-ақ, Арай елді мекенінің тұсындағы су деңгейі жарты метр төмендеді. Су шаруашылығы мамандары қазір 11 нүктеге қойылған арнайы құрал арқылы әр 3 сағат сайын су деңгейінің өлшемін алып отыр. Апат болған аймақтардағы су күн сайын орта есеппен 15-16 сантиметрге төмендеп келеді. 

Хабарламаларға жазылу