«Теңге бағамының әлсіреуі салдарынан Үкімет мүшелері мен Ұлттық банк өкілдері қазақстандықтардың зейнетақылары мен депозиттерін құнсызданудан сақтап қалу керек». Осылай деп бүгін Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров депутаттық сауал жолдады. Ұлттық валютаның әлсіреуіне қатысты үкіметтегілер мен Ұлттық банк өкілдері бірнеше рет түсінік берді. Енді Ұлттық банк берген болжамдарға дайындалу қажет, - деді депутат.
Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Теңге бағамының ауытқуынан теріс әсер болмауы және бағамның құбылмалылығын тоқтату үшін барынша жағдай жасау қажет. Мұнда ең бастысы теңгемен салынған зейнетақы мен депозиттерді сақтап қалу керек. Біз мемлекет азаматтардың зейнетақы және жеке қаражат жинақтарын сақтау керек деп түсінеміз. Мұны тек валюталық кепіл арқылы жасауға болады, яғни, кепілдікте болуы керек.
Индира БЕГАЙДАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.