Мақтаарал тұрғындарына еліміздің әр өңірінен де көмек беру жалғасып жатыр. Маңғыстау жұртшылығы 80 тоннаға жуық азық-түлік, киім-кешек пен гигиеналық заттар жіберді.
Солтүстік Қазақстан тұрғындары 20 тонна азық жіберді. Ол көкөніс, ұн мен макарон өнімдері. Көмек Мақтаралға ертең жетеді.
Ал семейліктер бұзылмайтын тағамдар, киім-кешек пен көрпе жастық жинап жатыр. Ондаған шағын жүк көліктерді бүгін-ертең жолға шығады. Жүкті тегін жеткізуді қалдағы бір топ азаматтар өз мойындарына алған.
Ержан ЖАҚЫП