Халық үшін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына» қарағанда депозитке ақша салу тиімдірек. Бұл туралы Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы айтты. Бүгінде елімізде экономикалық тұрғыдан белсенді адамдардың саны шамамен 10 миллион, олардың 6 миллионы ақшаларын зейнетақы қорына аударып жатыр. Бірақ, соңғы 12 айда ақша аударған адамдардың саны 1,3 миллион адам ғана. «Бұл төмен көрсеткіш»,- дейді сенатор. Оның айтуынша, өңірлерге барғанда жұртшылықты алаңдататын басты сұрақ осы.
Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Кезінде 7-8 зейнетақы қоры болды. Бәрін жаптық. Халық былай дейді: «ақшамызды депозитке салайық, себебі,онда жылына 10-11 пайыз , ал «БЖЗҚ»-ның төлемі айтарлықтай төмен. Зейнетақы қорының табысы неге төмен? Оның себебі не?
Дина Ғалиева,ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:
- Зейнетақы активтерінің табысы 8 айда 7,28 пайыз болды. Инфляция деңгейі 2,9 болғанын ескеру керек. Яғни, таза табыс 4,38 пайызды көрсетті. Мемлекет кепілдігі, инфляция бар. Біздің табысымыз инфляциядан әлдеқайда жоғары.
Индира БЕГАЙДАР
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.