12 мамыр - Халықаралық медбикелер күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

12 мамыр - Халықаралық медбикелер күні

12.05.2020
12 мамыр - Халықаралық медбикелер күні

Бұл күнді халықаралық деңгейде атап өту бастамасы 1953 жылы көтерілген еді. Кейін араға 12 жыл салып Халықаралық медбикелер күні ресми түрде аталып өтетін болды. 

Ал 1974 жылы медбикелердің Халықаралық кеңесі аталған мерекені мамырдың 12-сі күні тойлауды ұйғарды. Себебі бұл күн - медбикелер қызметінің негізін қалаушылардың бірі, танымал Флоренс Найтингелдің туған күні. Ол XX ғасырдың басында консервативті Англияның медицинасын түбегейлі өзгертіп, осы салада медбикелер қызметінің ашылуына себеп болды.

Мейірген ісі туралы қызықты деректер:

- Медбикелер мектебі алғаш рет б.з.д 250 жылы Үндістанда ашылған;

- Мейіргер ісі саласының 100-ден астам бағыты бар;

- Медбикелер күніне орта есеппен 6 шақырым жүреді екен;

- Батыс елдерінде медбикелерге 10 сағаттан артық жұмыс істеуге тыйым салынған;

- Әлемдегі ең көп медбикелер Финляндияда: 100 000 адамға 2162 медбике, ал ең азы - Гаитида: 100 000 адамға 5 медбике;


Хабарламаларға жазылу