5-10-20 бағдарламасы қашан іске қосылады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5-10-20 бағдарламасы қашан іске қосылады?

12.05.2020

5-10-20 мемлекеттік бағдарламасы жылжымайтын мүлік нарығына айтарлықтай серпін береді. Құрылыс компанияларының жұмысы жанданып, бәсекелестік нығаяды. Нәтижесінде қарапайым халық сапалы тұрғын үйге қол жеткізе алады. Сарапшылар осындай пікірде. Жалпы жаңа бағдарлама қашан іске қосылады?  

Жаңа бағдарлама бойынша баспана бұрыннан кезекте тұрған адамдарға ғана беріледі. Қазір елімізде 560 мыңдай адам пәтерге мұқтаж. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар бар. Жаңа жобаны жүзеге асыру үшін 390 миллиард теңге қаралып отыр.

Несие кезекте тұрғанның барлығына берілмейді. Кез келген тұтынушы төлем қауқарын растап, ай сайынғы кірісін көрсетуі міндет.

Жоспар бойынша биылдың өзінде елімізде 150 мың пәтер пайдалануға беріледі. Бұл рекордтық көрсеткіш. Ал жаңа бағдарлама қуат алып, кұшейген сайын баспана тапшылығы мәселесі бұрынғыдан да тез шешілмек. Қазір индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі 5-10-20 ның тетіктерін нақтылап жатыр. Бірнеше ай көлемінде тұрғын үй құрылыс банкі, мүмкін ол кезде отбасы банкі арқылы несие үлестіріле бастайды.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу