Семейде эпидахуал ушығып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде эпидахуал ушығып тұр

12.05.2020

Семейде эпидахуал ушығып тұр. Өйткені соңғы күндері вирус жұқтырғандардың саны күрт артып кеткен. Қазір облыста індетке шалдыққандар 51 адам болса соның 41-і Семей қаласында тіркелді. Қауіпті әлі күнге сезінбей, алаңсыз жүргендер көп-дейді мамандар. Қоғамдық көліктер, банктер мен дүкендерде сақтық шараларына мән беріліп жатқан жоқ

Шығыс Қазақстан облысы бойынша тек бір күнгі рейд нәтижесінде 8800 ден астам тіркеусіз жүрген көлік иелері анықталған. Тұрғындардан заңсыз қолданылған 240 рұқсатнама тәркіленген. 85 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Төтенше жағдай тоқтаған соң қазір көпшілік арқаны кеңге сала бастаған сыңайлы. Мамандар осыған дейін карантин талаптарын ескермей келгендердің саны еселеп артып, вирус жұқтыратындар тіпті көбейіп кете ма-деп алаңдап отыр. Семейде қазірдің өзінде коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 1,5 мыңнан астам адам анықталған.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу