Маңғыстауда коронавирустың таралуына жол берген ауыл әкімі қызметінен қуылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда коронавирустың таралуына жол берген ауыл әкімі қызметінен қуылды

13.05.2020

Қарақия ауданындағы Сенек ауылында 1 аптада 23 науқас тіркеліп, өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына себеп болған еді. Мамандар тұрғындардың індетті асқа жиналғанда жұқтырғанын анықтады. Ауру ошағы залалсыздандырылып, науқастармен байланыста болғандар карантинге жабылды. Қазір бұл ауылға кіріп-шығу тоқтаған. Ал өңір бойынша барлығы 130 науқас тіркелген.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу