ДДСҰ Қазақстанның коронавирусқа қарсы шараларын жоғары бағалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ Қазақстанның коронавирусқа қарсы шараларын жоғары бағалады

13.05.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа аймағы бюросының басшысы Ханс Клюге Қазақстанның коронавируске қарсы күрес шараларын жоғары бағалады. Айта кетейік, бірнеше күн бұрын ол елдегі ахуалға төмен баға берген еді. Сөйтсе, қолында сәуір айындағы ескі мәліметтер болған екен. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығының басшылары айтты. Сонымен қатар, оның мәліметінше, өткен айда елімізге келген қытайлық мамандар 10 мың маманға 20-дан астам шеберлік сағаттарын өткізіп, тәжірибесімен бөліскен. Қазір елімізде коронавирус жұқтыру дерегін және оны анықтау тестілерін зерттеуге бағытталған ғылыми жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу