Алматыда заңсыз жұмыс істеген ойынхана анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда заңсыз жұмыс істеген ойынхана анықталды

13.05.2020

Алматыда карантин кезінде заңсыз жұмыс істеген ойынхана анықталды. Оның ұйымдастырушылары мен қатысушылары және қызмет көрсетушілер «Нұрлы Тау» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде ұсталды. Тінту барысында покер кейсі, ойын карталары, фишкалар мен ақша тәркіленген. Астыртын ойынханаға ұйымдастырушылар тек тексерілген клиенттерді ғана кіргізіп отырған. Олар төтенше жағдай ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті хабарлады. Еске салайық, «Ойын бизнесі туралы» заңға сәйкес, ойынханалар жұмысын Қапшағай мен Щучье қалаларында ғана ұйымдастыруға рұқсат.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу