Мұнайдың бағасы жарты жылда қалпына келуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнайдың бағасы жарты жылда қалпына келуі мүмкін

13.05.2020

Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы қайта қалпына келуі мүмкін. Бірақ дәл қазір емес, екінші жартыжылдықта. Бұл туралы австриялық сарапшы Райнер Зеле мәлімдеді. Сауд Арабиясы мен Норвегия өндірілетін қара алтын мөлшерін қысқартуға дайын. Зеленің хабарлауынша, бұл – бағаның бұрынғы деңгейге оралуына ықпал етеді.

Пандемия кесірінен әлемдік экономика бұрын соңды болмаған дағдарысты бастан кешірді. Тіпті, алпауыт Американың өзінде бюджет тапшылығы рекордтық көрсеткішті құрап, 738 миллиард долларға жетіп отыр. Мемлекеттік шығындар 3 есе өскен. Осыған орай елдегі демократтар тұрғындар мен бизнеске қолдау көрсету үшін тағы 1 триллион доллар бөлуді ұсынып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу