Елімізде 28 адам суға кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 28 адам суға кеткен

13.05.2020

Шомылу маусымы әлі басталмаса да елімізде 28 адам суға кетті, оның 10-ы — бала. Төтенше жағдай қызметінің мамандары тұрғындардан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды. 1 маусымнан бастап суға түсуге болады. Бірақ жұрт тек арнайы белгіленген орындарда шомылғаны дұрыс. Биыл Нұр-Сұлтан қаласында қосымша 10 жағажай ашылады. Қазір құтқарушылар дайындықты пысықтап жатыр. Күн сайын 20 маман су айдындарында патрульдік кезекшілікте болады. Арнайы оқытылған ерікті құтқарушылар да қатарға қосылады.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу