Көкшетауда ауыз су ішуге жарамсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда ауыз су ішуге жарамсыз

13.05.2020

Тіршілік көзі санитарлық талаптарға сай емес. Мамандар оны тек сүзгіден өткізіп немесе қайнатып тұтынуға болатынын айтады. Дегенмен тұрғындарден дені үйлеріне келіп тұрған суды мүлдем пайдаланбайды. Олар ауыз суды тасуға немесе сатып алуға мәжбүр.  

Неше түрлі сүзгі қондырғыларын орнатып, суды саудалап отырғандар да бар. Ол жерде судың 1 литрі 10 теңге. Ал дүкендерде одан да қымбат. Суды тасып ішпегендер амалсыз сатып ішеді.

Елу жыл бұрын салынған қаладағы жалғыз су тазарту бекетінен еш пайда жоқ. Қондырғылары әлдешан ескірген.

Жаңа нысанды салу 2010 жылы қолға алынды. Алайда 1-2 жылдан кейін құрылыс тоқтап қалды.

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу