Діни басқарма мешіттерге барудың талаптарын түсіндірді. Онда тек жекелеген түрде намаз оқуға рұқсат. Сондай-ақ мұсылмандар Құран оқытып, неке қидыра алады. Жамағатпен бірігіп бес уақыт, жұма немесе тарауық намазын оқуға болмайды.
Сондай-ақ мешіт ішінде құлшылық ету уақыты 15 минуттан аспауы керек. Ал намаз оқушылардың ара қашықтығы 1,5 метр болуы тиіс.
Үш сағат сайын ғимарат іші дезинфекцияланады.
Досжан Маратұлы