Қазақстанда жаппай екпе салу мәжбүрлі түрде жүргізілмейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов желідегі парақшасында мәлімдеді.
Министрдің сөзінше, әлем елдері сияқты, бізде де вакцинаның ерікті және міндетті түрі бар. Бірақ кез келген жағдайда ата-ананың келісімі ескеріледі. Екпе салынбаған балалардың құқығы шектелмейді.
Раушан Сайлауқызы