Ғалымдар нейтриноның қайдан пайда болатынын анықтады.
Олардың айтуынша, нейтрино белсенді галактикалар ортасындағы қара құрдым маңында пайда болады екен.
Нейтринолар - ең жұмбақ элементарлы бөлшектердің бірі. Оны тіпті ғалымдар елес-бөлшектер деп атайды. Оның массасы әлі күнге дейін белгісіз. Олар кез келген заттан кедергісіз өте алады.
Бұған дейін мамандар үшін нейтринолардың шығу тегі беймәлім болып келген еді. Олар алғашында бөлшектердің көзін гамма-сәулелерден іздеді.
Алайда Ресей ғалымдары галактикадағы ең жарық астрономиялық объект - квазарлар мен нейтринолар арасындағы байланысты тапты.
«Мұндай галактикалардың ортасында қара құрдым орналасқан, ол кез келген затты өзіне жұтып алады. Ал сол зат қара құрдымға құлаған сәтте оның белгілі бір ағын бөлшектері қатты жылдамдықпен кері шығады. Осылайша нейтринолар пайда болады», - дейді олар.
Зерттеулер нәтижесінде мамандар нейтринолар квазарлардан бағытталатынын анықтады. Енді ғалымдар осы нәтижесі Байкалдағы Baikal-GVD телескопы арқылы тексермек.
ria.ru