Сондай-ақ су астында қалған елді мекендерге Мақтаарал ауданында жұмыс істеп жатқан авариялық құтқару техникалары мен еріктілердің бір тобы аттанып кетті. Жауын әлі де толастаған жоқ. Қазгидрометтің болжамы бойынша тағы екі тәулік бойына жауын-шашын жалғасады. Нөсер күшейетін болса, жергілікті билік Төтенше жағдай комитетінен қосымша көмек шақырады.