Алматыдағы балабақшалар әзір жұмысын бастамайды. Оларды кезең-кезеңімен ашу жоспарланған. Бұл туралы қаланың мемлекеттік бас санитары айтты. Жандарбек Бекшиннің сөзінше, ата-аналардан түскен ұсыныстар қаралған. Балабақшаларды ашу мерзімі нақты белгіленген жоқ. Дегенмен, шахарда карантин режимі жеңілдеп, кезең-кезеңімен мекемелер ісін бастап жатыр. Шамамен 250-300 мыңға жуық қызметкер жұмысына қайта кірісті.
Жазира ОРАЗҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыдағы балабақшалар әзірге жұмыс істемейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/126777/)