Павлодар облысында тұрғындар мен полиция қызметкерлері үстінен қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында тұрғындар мен полиция қызметкерлері үстінен қылмыстық іс қозғалды

14.05.2020

Павлодар облысында өзара жаға жыртысқан тұрғындар мен полиция қызметкерлері үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бір топ адам Ақсу қаласына қарасты Қалқаман кенті жанындағы мобильдік бекетті бұза жарып, Екібастұздағы жылу-электр стансаларынан шығатын микросфера, яғни күлді жинамақ болған. Тәртіп сақшылары жанжалды тоқтату үшін әуеге оқ атқан.

Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жиналғандарға күш көрсетпек болған тәртіп сақшысы уақытша қызметінен шететтелді. Полицияға қарсылық танытқандарда қазір анықталып жатыр. Мұндай жанжал бірінші рет болып тұрған жоқ. Көпшлік күл жинау үшін бұл маңға жылда келеді. Күл-деп жүргені құрылыс матриалдарын жасауға пайдаланатын «микросфера». Бағасы қымбат. Екібастұздағы жылу-электр стансалары тендер өткізіп оны ресми компанияларға сатады. Күзет қойылғанына қарамай ауыл тұрғындары да күл теруге келгіштей береді.

Оған дейін полицияның мобильдік бекеттері күшейтіледі. Ақсу қаласының әкімшілігі Ақжол, Береке, Қалқаман ауылының тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу